×

«Демім жетпейді, жібер». Танымал актриса зорлық құрбаны болғанын айтты

Клип бір кадрда - монтажсыз түсірілген, ал басты кейіпкер - тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан аман қалған Тамиристің өзі

 Халық үні 15.11.2023 | 07:17
Фото: видеодан алынды

Танымал актриса Тамирис Жанғазинова зорлық-зомбылық құрбаны болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бір күн бұрын өнер иесінің Shanyraq клипі жарық көрді. Видео сипаттамасында «кейіпкердің өз басынан өткен оқиға» делінген. 

Клип бір кадрда - монтажсыз түсірілген, ал басты кейіпкер - тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан аман қалған Тамиристің өзі. Бұл шығармада орындаушы өз өмірінің жаңа тарауын ашып, өзінің жеке басынан өткен ауыр жағдайды - эмоционалдық, физикалық зорлық-зомбылық пен бопсалауға, қиянатқа негізделген қарым-қатынас жайында баяндайды. Негізгі айтар ойы - егер сіз физикалық немесе эмоционал түрде қиянаттың кез келген түріне ұшырасаңыз, қарым-қатынасты одан әрі сақтауға тырыспаңыз. Егер сіз зорлық-зомбылық құрбаны болсаңыз, онда бұған шыдамай, полицияны көмекке шақырыңыз – 102, - делінген YouTube сипаттамасында. 

Айта кетейік, Tamiris - қазақстандық актриса және әнші. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама