×

LRT-ның шаруасы бітті ме? - CTS компаниясының бөлім басшысы жауап берді (ВИДЕО)

Былтыр оның алаңында құрылыс-монтаждау жұмыстарына дайындық басталған

 Еркеғали Болатұлы 19.05.2022 | 14:49
фото: видеодан скриншот

City Transportation Systems компаниясының ресми өкілі елордада құрылысы басталып, аяқсыз қалған LRT бағандарын бұзып жатыр деген ақпараттың жалған екенін айтты.

Turkystan.kz сайтының тілшісі Арай Сақтағанның жазуынша, әлеуметтік желілерге «LRT конструкцияларын бұзып жатыр» деген видео тарап кеткен. Алайда ол былтыр түсірілген болып шықты. Оның өзінде LRT-ның емес, қытайлық консорциум жалдаған техниканың жұмысы бейнеленген.

Бұл техника құрылысқа қажет бөренелерге арналған технологиялық негізді (алаңды) талдау үшін жалданған. Елордада LRT құрылысын демонтаждау бойынша ешқандай жұмыс жүріп жатқан жоқ, – деді компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Науат Азанбаева.

Еске сала кетсек, былтыр осы компания LRT құрылысының алаңында құрылыс-монтаждау жұмыстарына дайындық басталғанын хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама