×

Narikbayev University-де блокчейн технологияларына арналған лекция өтеді

Шара ұлттық валюта күніне орайластырып отыр

 Халық үні 14.11.2023 | 21:46
Фото: kazguu.kz

Жыл санап әлемде блокчейн технологиясы мен криптовалютаға деген қызығушылық артуда. Қазақстанда бұл салаға қызығушылық жоғары. Статистикаға сүйенсек, бүгінгі таңда цифрлық активтерге ие ҚР азаматтарының саны жүз мыңнан асады. Алайда, нөлден бастап осы тақырыпты түсінгісі келетіндер ақпарат тапшылығына және осы саладағы қате деректерге тап болуы мүмкін.

Студенттер сала мамандарының аузынан шынайы ақпарат алуы үшін Қазақстандық блокчейн технологиялар және дата орталықтар қауымдастығы Maqsut Narikbayev University-де «блокчейн технологиялар, цифрлық активтер және оларды құқықтық реттеу» тақырыбында арнайы көшпелі дәріс өткізеді.

Дәріс 15 қарашада өтеді. Бұл күн кездейсоқ таңдалмады, іс-шара Қазақстанның ұлттық валюта күніне және осы күні атап өтілетін қаржы жүйесі қызметкерлерінің мерекесіне орайластырылды.

Ашылу салтанатында Maqsut Narikbayev University университетінің ректоры – Пен С. Г., қауымдастық Басқарма Төрағасы – Қарашев Д. Д. сөз сөйлейді.

Сонымен қатар, ашылу салтанатынан кейін университет пен қауымдастық басшылығы достық қарым-қатынас орнату, сондай-ақ ҚР-да Web 3.0 және блокчейн индустриясын дамытуға өзара көмек және қолдау мақсатында меморандумға қол қояды.

Дәрістер тізімі:

1. Блокчейн технологиясымен, цифрлық активтермен, майнинг және Web 3.0-мен танысу;

2. Қазақстандағы және әлемдегі саланың қазіргі құқықтық жағдайы туралы.

Негізгі бөлімнен кейін көрермендер дәріс тақырыбы бойынша спикерлерге сұрақтар қоя алады.

Қатысушылардың жиналуы мен шараның ашылуы 15 қарашада сағат 15:00-де, Maqsut Narikbayev University-де өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама