×

АҚШ-тың құқыққорғаушылары Байденді сотқа берді

Наразы топ мемлекет басшысының үстінен арыз жазды

 Дастан Жұмабекұлы 14.11.2023 | 15:47
Фото: ria.ru

АҚШ-тың Азаматтардың конституциялық құқығын қорғау орталығының (Center for Constitutional Rights) бір топ құқыққорғаушысы президент Джо Байденді сотқа берді. Олар мемлекет басшысын Израиль әскерінің Палестина халқына геноцид жасауына көмектесті деп айтыптады.

The Guardian басылымының хабарлауынша, құқыққорғаушылар Калифорния штатының федералды сотына арыз жазып, Байденнің саясатына қарсы шықты.

Президент Байдени Израиль әскерін қаруландырып, Газа секторындағы қантөгісті әдейі алдын алмады. Ол Палестина халқына араша түскен жоқ. Керісінше, қан қасап соғысты ушықтыруға ұмтылып, бейбіт халықты қыруға атсалысты, –  деді АҚШ президентіне наразы топ.

Құқыққорғаушылар арызда Америка Құрама Штаттарының Израильге қару бермеуді, қаржылай көмектесіп, дипломатиялық қолдау көрсетпеуді талап еткен.

Сонымен бірге аразданушылар мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен мен қорғаныс министрі Ллойд Остиннің де Израиль әкерінің Палестина халқына жасап жатқан геноцидіне қатысы бар екенін айтып, оларды да жауапқа тарту керектігін айтқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама