×

10 жастағы қазақ баласы алғаш рет қара белбеудің I дан иегері атанды

Ерасыл Қабылбек Астанадағы экономикалық лицейдің 4-сыныбында оқиды

 Дастан Жұмабекұлы 14.11.2023 | 09:52
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Астанадағы экономикалық лицейдің 4-сынып оқушысы Ерасыл Қабылбек 10 жасында таэквондодан қара белбеудің I дан иегері атанды.

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Ерасыл қара белбеудің I дан атағын Халықаралық таэквондо федерациясының президенті, қара белбеудің IX дан иегері Си Джон Ох төрағалық еткен комиссияның аттестациясынан өтіп алды.

Ерасыл Қабылбек спорттың осы түрімен 3,5 жасынан бері айналысады. Ол 2021 жылы Беларусьтің Минск қаласында Әлем кубогы үшін өткен чемпионатты жеңіп алып, Оңтүстік Кореяда жалауы желбіреген Әлем кубогы үшін чемпионаттың күміс жүлдегері атанған. Сонымен бірге ол – Қазақстанның бірнеше дүркін, Азияның абсолютті чемпионы.

Атап өтетін бір нәрсе, Халықаралық таэквондо федерациясының тәртібі бойынша қара белбеу 13 жастан бастап беріледі. Бірақ федерация қазақ баласының спорттағы жетістігі мен таэквондомен айналысуға бөлген уақытын ескеріп, оған қара белбеудің I дан иегері атағын беруді ұйғарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама