×

Болат Назарбаевтың қайда жерленетіні белгілі болды

Болат Назарбаев 70 жасында көз жұмды

 Халық үні 13.11.2023 | 21:38
Фото: saliqaly.kz

Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың қайда жерленетіні белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness порталы. 

Порталдың мәліметінше, Болат Назарбаев есін жиған кезде оны марқұм ата-анасының жанына, яғни, Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының жанындағы рулық қорымға жерлеуді өтінген.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарын жерлеу орны ашық болған, қазір ол жер қоршалған, сондай-ақ стационарлық бекет орнатылған.

Еске сала кетсек, Болат Назарбаев бүгін 71 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама