×

Шымкенттің дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы келді

Жаңа басшыны ұжымға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек таныстырды

 Дастан Жұмабекұлы 13.11.2023 | 16:14
Фото: facebook.com/iliyas.zholdas

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа директор болып халықаралық дәрежедегі спорт шебері Маратбек Мықтыбеков тағайындалды.

Маратбек Мықтыбеков 1981 жылы Түркістан облысының Бәйдібек ауданында туған. Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, дзюдодан жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Спорт саласындағы түрлі лауазымды қызметте көп жыл, соның ішінде күрес түрлері бойынша Олимпиялық даярлау орталығының директоры, Дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті, бокстан Азия конфедерациясы атқарушы директорының кеңесшісі, Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының директоры, Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі, Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры лауазымдарында қызмет атқарды.

Жаңа басшыны ұжымға таныстырған қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мегаполис спортының даму үстінде екендігін, Азия ойындарындағы спортшылар көрсеткен жетістікті келесі жылы Францияның Париж қаласында өтетін Олимпиадада қайталау үшін жүйелі жұмыстар жасау керектігін айтты.  

Сонымен бірге қала әкімінің орынбасары Шымкентте бұқаралық дене тәбиесімен айналысушылардың қатарын көбейтуді тапсырды. Осы мақсатта жұмысқа жаңаша көзқараспен қарау керектігін де ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама