×

Алматыда екі колледж бен жатақханаларының құрылысы басталды

Қала ғылым мен білім берудің озық орталықтарының бірі саналады

 Динара Амантай 13.11.2023 | 15:25
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматыда жатақханасы бар екі колледждің құрылысы басталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Алатау ауданында 1 мың 440 орындық екі колледж бен 760 орынға арналған жатақханалардың құрылысы басталған. Мемлекет басшысы Алматыға барған сапарында Үкіметке студенттерге арналған жатақханалардың жетіспеушілігі мәселесін шешуді тапсырды. Өйткені Алматы ғылым мен білім берудің озық орталықтарының бірі саналады.

Студенттердің өмір сүру жағдайын жақсарту үшін Зерделі шағын ауданында 380 орындық жатақханасы бар 720 орындық кәсіптік-техникалық колледждің құрылысы басталды. Сонымен қатар, Алғабас шағын ауданында 380 орындық жатақханасы бар 720 орындық инновациялық-техникалық колледж ғимараты салынып жатыр, – деді аудан басшысы Азамат Қалдыбеков.

Сонымен қатар, Алатау ауданында 1 мың 600-ден астам адам оқитын университет және 859 оқушы оқитын екі орта арнаулы оқу орны бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама