×

Бақтияр Зайнутдиновқа ота жасалды

Оның мұрын сүйегі мен аңғалағының негізі сынған

 Дастан Жұмабекұлы 13.11.2023 | 13:25
Фото: sports.kz

«Бешикташ» клубы жартылай қорғаушы Бақтияр Зайнутдиновқа Түркия чемпионатында «Ыстанбұл Башакшехир» командасына қарсы ойнаған матчында алған жарақатынан кейін ота жасалғанын хабарлады.

Бақтияр Зайнутдинов матчтың 37-минутында жарақат алған соң, мұрнына операция жасалды. Оның мұрын сүйегі мен аңғалағының негізі сынғаны анықталды. Зайнутдиновтың мұрнына ота жасалып, таңғыш қалақ салынды, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы Зайнутдиновтың жарақатына байланысты мәлімдеме жасап, оның  ұлттық құраманың алдағы матчтарында алаңға шықпауы мүмкін екенін айтқан болатын.

Дәрігерлердің қорытындысы шыққанша Бақтиярдың жарақаты қаншалықты ауыр екенін нақты айта алмаймыз. Жақын арада оның хал-жағдайы туралы хабарлайтын боламыз, – деп мәлімдеді ҚФФ.

Ал әзірше Зайнутдиновтың алаңға қашан оралатыны белгісіз.

Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турниріндегі соңғы екі ойынның біреуін Астанада, екінші матчын сырт алаңда өткізеді. Ұлттық құрама 17 қарашада Сан-Мариноға, 21 қарашада Словения командасына қарсы ойнайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама