×

Асық атудан халықаралық турнир басталды

Ұйымдастырушылар шет елдерден келген асықшыларға қазақтың ұлттық ойынына деген қызығушылақтары үшін ризашылық білдірді

 Еркеғали Болатұлы 12.11.2023 | 16:03
фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Бүгін Астана қаласындағы «Аспан» спорт кешенінде Асық ату спортынан Гран-При «Азия асығы» халықаралық турнирі басталды. Еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған дүбірлі додада Пәкістан, Үндістан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан құрамалары өзара бақ сынасады. Жарыс жекелей сында өтетін болғандықтан нағыз үздіктер бас қосып, ерлер мен әйелдер арасында кім мықтыны анықтайды.

Дәстүрлі турнирді Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бас хатшысы Тастанбек Есентаев өзінің құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ ардагер асықшы Әсет Рамазанов пен ҚР Асық ату федерациясының атқарушы директоры Жомарт Сабыржанов ұлттық спортымыздың маңыздылығы турасында сөз қозғап, шет елдерден келген асықшыларға қазақтың ұлттық ойынына деген қызығушылақтары үшін ризашылық білдірді.

Турнир үш күнге жалғасады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Асық ату федерациясының диплом, медальдарымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Атап айтар болсақ, оза шауып, бірінші орын иеленгендер қаржылай марапатқа қол жеткізеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама