×

Абай облысының мәслихаты 7 мың шаруа қожалығының құқығын бұзған

Облыс прокуратурасының наразылығы бойынша Ереженің талаптары қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілді

 Динара Амантай 11.11.2023 | 12:01
Фото: gov.kz

Абай облысының мәслихаты 7 мың шаруа қожалығының құқығын бұзған, деп хабарлады Halyq Uni тлшісі.

Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға санитарлық қорғау аймағынан тыс су объектілерінде және су объектілерінің ластануы мен бітелуіне жол бермейтін суару алаңдары мен басқа да құрылғылар болған кезде рұқсат етіледі.

Алайда, Абай облыстық мәслихаты өз шешімімен жоғарыда көрсетілген ерекшеліктерді ескермей, облыстың барлық су айдындарында суаруға тыйым салған жануарларды ұстау Ережелерін бекіткен. Бұл шешімнің өзі заңсыз ғана емес, оны орындау да мүмкін болмады, себебі ол мал өсірушілерді су айдындарына табиғи қол жетімділіктен айырады және малды суаруды қиындатады.

Облыс прокуратурасының наразылығы бойынша Ереженің талаптары қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілді.

Осылайша, 7 мың шаруа қожалықтарының және жеке тұлғалардың шексіз тобының құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама