×

Тоқаев Польша президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл мемлекет – Қазақстанның Еуропадағы жақын серіктесі

 Динара Амантай 11.11.2023 | 11:14
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Польша президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Бүгінде Польша саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуда, халқының әл-ауқатын қамтамасыз етуде зор жетістіктерге жетті. Осы тұста еліңіздің әлемдегі мәртебесі одан әрі асқақтап, халқыңыздың ырыс-берекесі еселене беруіне тілектестігімді білдіремін. Біз Польшаны Қазақстанның Еуропадағы жақын серіктесі деп білеміз және достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарымызды тереңдетуге ерекше мән береміз, – деп жазылған жеделхатта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама