×

Түркі универсиадасының чемпиондары анықталды

Келесі жарыстың туы Қырғызстан еліне тапсырылды

 Дастан Жұмабекұлы 10.11.2023 | 17:50
Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістанда II Түркі универсиадасы аяқталды. Оның жабылу салтанаты Қожа-Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болды.

Іс-шараға Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, универсиадаға мемлекеттердің делегациясы, университеттің студенттері мен оқытушы-профессорлары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша волейболдан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан студенттері үздік атанды.

Футзалдан Қырғызстан командасы чемпион атанды. Өзбекстан шахматтан бас жүлдені жеңіп алды.

Еркін күрестен Қазақстан кқш бастады. Дзюдодан Өзбекстан мен Әзербайжанның  жастары үздік болды. Ал грек-рим күресінде Түркия елінің балуандары құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Мажарстан құрамасы үстел теннисінен үздік нәтиже көрсетті.

Жабылу салтанатында Қырғызстан еліне Түркі универсиадасының туы тапсырылды.  

Биылғы универсиадаға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Мажарстаннан барлығы 450-ге жуық спортшы қатысты.

Спортшылар спорттың 7 түрінен атап айтқанда, үстел теннисі, шахмат, волейбол, футзал, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресінен күш сынасты.

Спорттық ойындар Olympic Сenter спорт кешені мен Қожа-Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама