×

Fly Arystan компаниясы жаңа A320NEO ұшағымен толықты

Енді компанияда 18 ұшақ болды

 Дастан Жұмабекұлы 10.11.2023 | 13:20
Фото: Air Astana

Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті әуе компаниялармен бірігіп, әуе паркін жаңа ұшақтармен толықтыру жұмысын жалғастырып жатыр.

Fly Arystan жаңа A320NEO ұшағын тікелей Airbus зауытынан алды. Енді компанияда 18 ұшақ болды. Оның 7-еуі – жаңа ұшақ.  

Жаңа ұшақ Fly Arystan әуе компаниясының тасымалдау сыйымдылығын арттырады. Бұл өз кезегінде рейстерді орындаудың жүйелілігіне жақсы әсер етеді, – делінген хабарламада.

Әуе компанияларына ұшақтар сатып алу одан әрі жалғасады. Бұл жұмысты Азаматтық авиация комитеті тұрақты бақылауына алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама