×

Атырау қаласының бұрынғы әкімі ұсталды

Ол 9 қарашада қамауға алынған

 Еркеғали Болатұлы 10.11.2023 | 12:17
фото: khabar.kz

9 қарашада жер телімдерін заңсыз бөлуге қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Атырау облысының прокуратурасы қаладағы жер телімдерін заңсыз бөлу бойынша Атырау әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.

Осы іс аясында 9 қарашада Атырау қаласының экс-әкімі Оразбаев қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы талаптарына байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама