×

Оңтүстік Кореяда робот адамды қораппен шатастырып, өлтіріп алды

40 жастағы ер адам жарақаттан қайтыс болған

 Дастан Жұмабекұлы 10.11.2023 | 09:51
Фото: new-retail.ru

Оңтүстік Кореяда өнеркәсіптік робот зауыт қызметкерін көкөніс қорабымен шатастырып, өлтіріп алды. Бұл туралы news.sky.com хабарлады.

Қайғылы оқиға 8 қарашада Кенсам-Намдо провинциясындағы бұрыш сұрыптау зауытында болды. Осы зауытта робот жұмысшыны көкөніс қорабына ұқсатып, конвейер лентасына басып, беті мен кеудесін жаншып алған. Соның кесірінен 40 жастағы ер адам тез арада ауруханаға жеткізілген. Бірақ ол алған жарақатынан қайтыс болған.

Компания басшылығы роботтың қызметін бірнеше жылдан бері пайланып келе жатқанын мәлімдеді. Жұмыс күшінің тапшылығы кезінде робот жұмысқа үлкен көмек болған. Ол бұрыш қораптарын 2 метр биіктікке дейін жинаумен айналысқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама