×

Атырауда аса ірі көлемде есірткі сақтаған 60 жастағы ер адам ұсталды

Ол қамауға алынды

 Халық үні 09.11.2023 | 20:12
Фото: polisia.kz

Атырауда полиция 60 жастағы күдіктінің аса ірі көлемде есірткі сақтағанын анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.

Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Авангард ықшам ауданында орналасқан көпқабатты пәтерлердің бірінен 60 жастағы атыраулықты ұстады. Ол есірткі сақтаумен айналысты деген күдікке ілінді.

Оның үйін тінту кезінде сырт киімінің қалтасынан ерекше иісі бар 12 орам тәркіленді. Сондай-ақ пәтердің ішінен ыдыста кептірілген көкнәр шөбі және жасыл түсті өсімдік тектес 29 сіріңке қорабы табылды.

Полиция ер адамның бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталғанын анықтады.

Сот-медициналық сараптамасы пәтерден табылған заттар салмағы 4.04 грамм болатын аса ірі мөлшердегі экстракциялық апиын есірткісі екенін көрсетті.

Экстракциялық апиын – шикі апиынды әртүрлі жолмен өңдеу арқылы алатын есірткі өнімі. Бір дозасының адам ағзасына әсері 6 есе жоғары және зиян.

Бүгінде күдікті қамауға алынды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қылмыстық-процестің кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама