×

Абай облысында браконьерден 100 келіге жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді

Жалпы шығын жарты миллион теңгеден асады

 Динара Амантай 09.11.2023 | 16:50
Фото: видеодан скриншот

Абай облысында браконьерден заңсыз ауланған 100 келіге жуық балық тәркіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Браконьерліктің кезекті фактісін Ақсуат ауданының тәртіп сақшылары анықтады. Учаскелік полиция инспекторлары мен «Ақсуат ауданының табиғи ресурстары мен табиғат пайдалануды реттеу» ММ жедел жасағы бірлескен рейдтер жүргізу кезінде Шығыс Қазақстан облысының 22 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол жыл бойы балық аулауға тыйым салынатын Зайсан көлінің жағасында моторлы қайықпен көксерке балығын аулаған.

Полицейлер одан 90,2 келі балық тәркіледі. Жалпы шығын жарты миллион теңгеден асады.

ҚР ҚК-нің 335-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген балық мемлекеттік пунктке тапсырылды. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама