×

Каспий итбалығының қауіпсіздігі үшін табиғи резерват құрылады

Қазіргі уақытта техника-экономикалық негіздеме дайындалып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 09.11.2023 | 12:30
Көрнекі фото

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елімізде балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы айтты.

Ведомство басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саланы дамыту бойынша берген тапсырмаларын орындау бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті. 

Соның бірі – Каспий итбалығының популяциясын сақтау. Бұл ретте министр Маңғыстау облысында мемлекеттік табиғи резерват құруды жеделдетуге қатысты 2023 жылғы сәуірде жаратылыстану-ғылыми негіздеме бекітілгенін жеткізді. Оның айтуынша, қазір техника-экономикалық негіздеме дайындалып жатыр. 

Резерват 2024 жылғы маусымда құрылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама