×

ШЫҰ-ға мүше елдердің бас прокурорлары өңірлік қауіпсіздікті талқылады

Кездесуде заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселесі қаралды 

 Дастан Жұмабекұлы 08.11.2023 | 15:51
Фото: gov.kz/ Бас прокуратура

Бас прокурор Берік Асылов Қытайдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының XXI отырысына қатысты.

Отырыс ашылғанға дейін қадағалау ведомстволары басшылары Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Саяси бюро мүшесі, Саяси-заң комиссиясының хатшысы Чэнь Вэньцинмен кездесті.

Бас прокурор өз сөзінде Қазақстан мен Қытай прокуратура органдарының ынтымақтастығының артып келе жатқанын атап өтті.

ШЫҰ отырысында прокуратуралардың (Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, Ресей, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия) басшылары мемлекеттік жаңғырту, өңірлік қауіпсіздік, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және прокурорлардың біліктілігін арттыру мәселелерін талқылады.

Кездесуде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қадағалау органдарының басшылары қатысушы елдердің даму процесінде халықаралық қауіпсіздік пен құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында осы ұйымның ықпалын кеңейту, қаржы-экономикалық саладағы қылмыстарға, терроризм мен экстремизмге байланысты есірткі мен киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастықты арттыру, прокурорлық білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мақсатында келісімге келді.

Жиын қорытындысы бойынша прокуратура басшылары бұдан әрі өзара ынтымақтастықтың басым бағыттары мен тетіктерін айқындайтын хаттамаға қол қойды.

Сонымен қатар ШЫҰ алаңында Қазақстанның бас прокуроры ҚХР Жоғарғы Халық прокуратурасының бас прокуроры Ин Юнмен екіжақты кездесу өткізді. Онда қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетудің, сотталғандарды берудің, сондай-ақ заңсыз шығарылған активтерді қайтарудың өзекті мәселелерін талқылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама