×

Қазақстандықтар үш адамнан тұратын топпен қоғамдық бірлестік құра алады

Мәжіліс түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

 Динара Амантай 08.11.2023 | 11:57
Фото: my.krskstate.ru

Қазақстандықтар 3 адамнан тұратын топпен қоғамдық бірлестік құра алады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжіліс жалпы отырыста қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы азаматтық қоғамды одан әрі дамыту мен жаңа қоғамдық бірлестіктер құру тәртібін оңайлату мақсатында әзірленген.

Қазақстандықтар кемінде 3 адамнан тұратын топпен қоғамдық бірлестік құру мүмкіндігіне ие болады (бүгінде ол үшін кемінде 10 адам қажет).

Бұдан бөлек, қолданыстағы заңнама нормаларға сәйкестендіріледі. Аатап айтқанда, республикалық маңызы бар қалалардағы қоғамдық бірлестіктердің мәртебесі айқындалады, сондай-ақ басқа да мәселелер құқықтық тұрғыда реттеледі.

Заң жобасы аясында Азаматтық кодекске, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» зандарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Саяси партиялар мен діни бірлестіктер құру бұл заңмен емес, салалық заңнамамен реттелетінін айта кеткен жөн.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама