×

«Қамалып кетесіңдер»: Заңгер сөредегі сусындарды төккен жігіт туралы айтты (ВИДЕО)

Палестина үшін бәріміздің жүрегіміз ауырып отыр, дейді ол

 Халық үні 07.11.2023 | 20:38
коллаж: Halyq Uni

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің Facebook-тегі парақшасында Палестина халқын қолдау үшін дүкен сөрелеріндегі «Кока-коланы» төккен азамат туралы пікір білдірді

Оның айтуынша, оған Қылмыстық кодекстің 174 бабына сай іс ашу керек. 

Елдің алдында жүрген соң, өзінің эмоциясын ұстап үйренсін. Халықты неге шақырып отыр?Дағыстандағыдай төңкеріске ме? Бұл жігітті көретін жастар, дүкендерге шабуылдап кока-кола сөрелерін қиратып, сойқандағанын күтіп отырсыңдар ма? Палестина үшін бәріміздің жүрегіміз ауырып отыр, бірақ халықты құқықбұзушылыққа, тәртіпсіздікке шақырып керегі жоқ! Ал құзырлы органдарда жұмыс істейтіндерге айтарым милары уланғандар мен жұмыс істеңдер! Бізге осылар қауіптірек. Жастарға айтарым, мына жігіттің істегенін қайталап жүрмеңдер. Қамалып кетесіңдер немесе үлкен сомада айыппұл төлейсіңдер, – деп жазды заңгер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама