×

Мәдениет және ақпарат министрінің бірнеше орынбасары тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен бірнеше адам лауазымды қызметке кірісті

 Дастан Жұмабекұлы 07.11.2023 | 15:00
көрнекі фото: Halyq Uni

Мәдениет және ақпарат министрлігіне 4 вице-министр тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров, Қанат Жұмабайұлы Ысқақов, Евгений Дмитриевич Кочетов және Арман Әділханұлы Жүдебаев Мәдениет және ақпарат вице-министрлері болып тағайындалды, – деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге Сәрсен Абайұлы Құранбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама