×

Нұрсұлтан Назарбаевтың заңда қандай артықшылығы қалды – министр жауап берді

Ол көлікпен қамтамасыз етілуге тиіс

 Дәурен Ерболат 07.11.2023 | 11:15
Нұрсұлтан Назарбаев, depositphotos.com

Әділет министрі Азамат Есқараев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың заңда тағы қандай артықшылығы қалғанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкімет отырысынан шыққан министрге журналист «Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасында (заң бойынша) тағы қандай артықшылықтар қалды?» деген сұрақ қойды.

Оған (Нұрсұлтан Назарбаевқа) қолсұғылмаушылық, көлік және үймен қамтамасыз ету құқығы сақталады, - деді Азамат Есқараев. 

Сондай-ақ министрге «Қазақстан заңы Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына арнайы артықшылықтар берген нормалардан толық тазарды деп айта аламыз ба?» деген сұрақ қойылды. Ведомство басшысы бұл бағытта тиісті жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

«Бұл жұмыс жалғасып, заңнамаға тиісті түзетулер енгізілді. Мұның бәрі қаңтарда қабылданған заңның логикалық жалғасы болды. Бірақ жұмыс әлі жалғасып жатыр», - деді Азамат Есқараев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама