×

Астанада Маңғыстау облысының мәдени күндері өтеді

Қарашаның 7-9 аралығында елордада Маңғыстау облысының «Маңғыстаудан мың сәлем, Алаш төрі» атты мәдени күндері өтеді

 Халық үні 06.11.2023 | 23:50
Фото: sputnik.kz

Қарашаның 7-9 аралығында елордада Маңғыстау облысының «Маңғыстаудан мың сәлем, Алаш төрі» атты мәдени күндері өтеді.

Астана халқы мен қонақтары үшін аңыз өріп, жұмбақ жайлаған қасиетті мекеннің мәдени жауһарларымен, бірегей өнер туындыларымен етене танысудың және рухани кездесулерге қатысудың сәті түсіп отыр.

Үш күнге жалғасатын мәдени-рухани шаралар аясында астаналықтарға арнап театр қойылымдары сахналанып, маңғаз Маңғыстаудың мақамды жыр-дастаны, өңір өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі, сондай-ақ әдеби-сазды кештер мен салтанатты жиындар ұйымдастырылады.

Маңғыстау облысының Астана қаласындағы мәдени күндерінің бағдарламасы

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама