×

Дінмұхаммед Қонаевтың жеке хатшысы қайтыс болды

Зинаида Жукова жүз жасқа таяған шағында 4 қараша күні дүниеден озды

 Халық үні 06.11.2023 | 20:31
Фото: instagram.com/museumkunaev

Дінмұхаммед Қонаевтың хатшысы Зинаида Жукова қайтыс болды.

Бұл туралы Қонаев музейі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Д.А.Қонаев музей ұжымы Дінмұхаммед Ахметұлының 1964-1986 жылдар аралығында жеке хатшысы болған Жукова Зинаида Петровнаның (26.03.1924-04.11.2023) жүз жасқа таяған шағында 4 қараша күні дүниеден озғаны жайында қайғыра хабарлайды. Туыс-туғандарына қаймыға көңіл айтамыз», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама