×

Палестинаға 1 млн доллар аударылды – Смадияров

Қаржы БҰҰ Таяу Шығыс агенттігіне түскен

 Дәурен Ерболат 06.11.2023 | 17:42
фото: mk.ru

Қазақстан Палестинаға 1 млн доллар гуманитарлық көмек аударды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, биыл 7 қазанда басталған палестиналық ХАМАС қозғалысы мен Изариль арасындағы қарулы қақтығыс Таяу Шығыстағы онсызда күрделі жағдайға әкелген.

Газа секторында апат гуманитарлық дағдарыс тудырды. Соңғы мәліметтер бойынша қақтығыс салдарынан Газа секторында 10 мыңға жуық адам қаза тауып, 20 мыңнан аса адам жарақат алған. Сонымен қатар құрбандардың үштен екісі – әйелдер мен балалар. Палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру үшін БҰҰ Таяу Шығыс агенттігінің ақпаратына сәйкес, Газа секторындағы халықтың жағдайы өте күрделі және 2 млн-нан аса адам азық түлік көмегіне мұқтаж, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ресми өкіл Қазақстан Палестинаға көмек көрсеткенін атап өтті.

Газа секторындағы апатты гуманитарлық жағдайды ескеріп, Қазақстан да шет қалмауға және Палестина халқына 1 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Бұл шешімді Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті барысында Қазақстан президенті жариялады. Қазақстан Үкіметі бөлген қаражат аударылды. Ұйым Палестина халқына 70 жыл бойы төтенше және басқа да көмек көрсететін жұмыстарды ұйымдастырып келеді, - деді ол.

Бұған дейін Қазақстанның Палестина халқына 1 млн доллар гуманитарлық көмек беретіні хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама