×

Кен орындары цифрландырылады: мұнайшылар жұмыссыз қалмай ма?

Салық түсімдері артуы мүмкін

 Дәурен Ерболат 06.11.2023 | 16:30
фото: Halyq Uni

Қазақстанда мұнай кен орындары, жанар-жанарғамай құю бекеттері, мұнай өңдеу зауыттары цифрландырылады. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мұнай саласын цифрландыру кезінде мұнайшылар жұмыссыз қалмайды деп ойлаймын. Себебі цифрландыру жобалары мемлекеттік бақылау және қадағалау фунцияларын жақсарту, энергетикалық ресустарды цифрлық есеп алуды көздеді. Салық органдары тиімді жұмыс істеу үшін есеп цифрлық түрде болуға тиіс. Мысалы, кейбір бизнес өкілдері есепке алу қондырғыларын қойдырмаудың амалын жасайды. Алайда бұл есеп Үкімет пен халыққа керек. Ол бюджетке салықтың көбірек түсуіне септігін тигізеді, - деді министрдің орынбасары Энергетика министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бақытжан Ілияс цифрлық есепті жүргізу үшін қандай орындарға датчиктер орнатылатынын жеткізді. 

«Олар мұнай кен орындары, мұнай өңдейтін зауыттар, жанар-жағармай құю бекеттеріне орнатылады. Біз мұнай өңделгеннен бастап, мұнай өнімі соңғы сатылған сатушыға дейінгі кезеңді цифрлық түрде көруіміз керек. Осылайша, тиісті ақпаратты қашықтан алып отырамыз», - деді вице-министр.

Сөз соңында ол жоба іске қосылғанын, барлық субъектіге датчиктер орнатылатынын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама