×

Тоқаев қызметінен босатқан генералдың қазір немен айналысып жүргені анықталды

Махамбет Абисатов 2019 жылы вице-министр қызметінен босатылды

 Халық үні 17.12.2021 | 12:00
фото: aktobetimes.kz

Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары, Ақтөбе облысы ішкі істер департаментінің экс-басшысы, генерал Махамбет Абисатовтың қазір немен айналысып жүргенін анықталды.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Абисатовтың жеке құрылымға қызметке кеткенін хабарлаған. Ал таяуда бұрынғы жоғары шенді полицей қазір «Halyk Инкассация» ЖШС бас директоры болып жұмыс істеп жүргені белгілі болды. Бұл туралы «Ақтөбе Таймс» басылымы жазды.

Мұны Қазақстан қор биржасы жариялаған деректер растап отыр, - деп жазды басылым.

Еске салайық, әлеуметтік желіде «На любой стрелке обосную» деп аталатын ролик жарияланғаннан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың шілдесінде Абисатовты Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатты. Жазба Ақтөбе облысы полиция  департаментіндегі жиналыста жасалған. Титрде жиынға қатысушылардың бірінің дауысы Махамбет Абисатовқа тиесілі екені көрсетілген.

Ер адам қызметкерлерге қарата былапыт сөздер айтқан. Осы даудан соң Абисатов кешірім сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама