×

Антикор АҚШ Мемлекеттік департаментімен активтерді қайтару мәселесін талқылады

Кездесуде тараптар бірігіп жұмыс істеуге келісті

 Дастан Жұмабекұлы 05.11.2023 | 09:41
Фото: gov.kz/Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалидің АҚШ Мемлекеттік департаментінің Есірткімен халықаралық байланыстар және құқық қорғау органдары бюросының кеңесшісі, Азия аймағында бағдарламалар мен жобаларды енгізу саласындағы сарапшы Кайл Оджимамен кездесті.

Кездесуде шетелге шығарылған активтерді қайтару мәселесі талқыланды.

Асхат Жұмағали Мемлекеттік департамент өкілін агенттіктің қызметі мен оның реформалары туралы хабардар етіп, америкалық әріптестерінің жемқорлыққа қарсы жобаларды іске асыруда және ілгерілетуде көрсетіп отырған қолдауының маңыздылығын атап өтті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, қаржылық тергеу, активтерді қайтару, цифрлық қаржы активтерін, криптобиржаларды және басқа да цифрлық платформаларды пайдалана отырып жасалған жемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу туралы уағдаласты.

Кайл Оджима серіктестік қатынастарды одан әрі дамытуға қызығушылық танытып, келісімдерді іске асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында америкалық тарап Агенттік делегациясын Америка Құрама Штаттарында желтоқсанында өтетін БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қатысушы мемлекеттер конференциясының мерейтойлық сессиясына қатысуға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама