×

«Колледжге оқуға кеткен»: Абай облысында 15 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Үстінде ақ түсті күрте, аяқ киімі ақ, ақшыл түсті сөмкесі бар

 Халық үні 04.11.2023 | 21:08
Фото: polisia.kz

Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлады polisia.kz.
 
Валерия Ефанова 2 қараша сағат 08:30 шамасында колледжге оқуға кетіп, қазіргі уақытқа дейін оралмаған.

Үстінде ақ түсті күрте, аяқ киімі ақ, ақшыл түсті сөмкесі бар.
 
Жасөспірімнің белгілері: дене бітімі арық, көздері жасыл, шаштары ақшыл, иығын дейін.
 
«Кәмелетке толмаған баланың орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 телефон номерлеріне немесе 102 арнасына хабарласуыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама