×

Болат Назарбаевтың денсаулығы күрт нашарлағаны хабарланды

Бүгінге жоспарланған іс-шаралар тоқтатылғаны белгілі болды

 Динара Амантай 04.11.2023 | 17:46
Фото: kaztag.kz

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаевтың денсаулық жағдайының күрт нашарлағаны туралы хабарланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі kaztag.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік дереккөзінің айтуынша, бүгін Болат Назарбаев ауыр хәлде инфаркт дертімен ауруханаға қайта жатқызылған. Сондай-ақ оның айналасындағылар осы жағдайға байланысты бүгінге жоспарланған іс-шараларды тоқтатқаны белгілі болды.

Айта кетсек, Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. 1997 жылдан бастап BN INVEST холдингін басқарды. 2016 жылы «Саликалы ұрпақ» қоғамдық қорын құрды. Сол жылы «Парасат» орденімен марапатталды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Болат Назарбаев автобазарынан айырылғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама