×

Ердоған Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилін сыйға тартты

Мемлекет басшысы Түркия президентін елорда әуежайынан шығарып салды

 Халық үні 03.11.2023 | 20:50
фото: akorda.kz

Режеп Тайип Ердоған Мемлекет басшысына Түркияда шығарылған TOGG электромобилін сыйға тартты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысқан Режеп Тайип Ердоғанға ілтипат білдіріп, елорда әуежайынан шығарып салды.

Режеп Тайип Ердоған өзара құрметтің белгісі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилін сыйға тартты. Сондай-ақ Мемлекет басшысына жаңа электрокарды өзі таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтып, әріптесін TOGG электромобилінің өндірісін табысты іске қосуымен құттықтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама