×

Ресейде әскери комиссариаттар отқа оранып жатыр (ВИДЕО)

Мекемені өртеп жатқандардың ешқайсысы әлі ұсталған жоқ

 Дастан Жұмабекұлы 18.05.2022 | 14:43
Көрнекі фото

Соңғы кезде Ресей Федерациясы аумағында өртеніп жатқан әскери комиссариаттар көбейді. Соның ішінде Волгоград, Рязань және Ростов облыстарында жергілікті жұрт мекемелерді өз қолдарымен отқа орады. Бұл туралы Белсат агенттігі хабарлады.

Мысалы, 13 мамырда белгісіз біреулер Ростов облысының Гуково елді мекенінде әскери комиссариатқа от қойған. Түнгі сағат 2 шамасында қара киім киген екі адам тұтанғыш сұйығы бар бөтелкені Красная горка көшесіндегі комиссариат ғимаратына лақтырып, қашып кеткен. Бірақ ол көп өртенбеді. Біраздан кейін комиссариат қызметкерлері өртті өздері өшіріп тастады. Порталда Ростов облысындағы өрт туралы материал Donday сайтына сілтеме жасалып берілген.

Рязань облысындағы өрт туралы «Пресса» басылымы жазды. Газеттің хабарлауынша, Пронск қаласында 14 мамыр күні түнде белгісіз біреулер әскери комиссариат үйінің терезесін сындырып, есігіне от қойып кетуге әрекет жасаған. Алайда жалын лаулап үлгермеді, есіктің жанып жатқанын көрген күзетшілер оны өздері өшірген.

Волгоград қаласының Совет аудандық әскери комиссариаты 15 мамыр күні түнде белгісіз біреулердің шабуылына ұшыраған. Өрт үйдің шатырында басталған. Тілсіз жау 16 шаршы метр жерді залалдап үлгерген.

Қысқасы, Украинадағы соғыс басталғалы бері Ресейдің әр түкпірінде осындай оқиғалар жиілеп кетті. Бір қызығы, әскери комиссариатты өртеп жатқандардың ешқайсысы әлі ұсталған жоқ.

Волгоград қаласындағы өрт туралы «Блокнот Волгоград» басылымының мәліметі пайдаланылып жазылған. 

Мұндай оқиғалар Ресейдің көп жерінде болып жатыр. Өртенген әскери мекеменің саны 20-ға жетіп қалады. Сонымен бірге тұрғындар әскери комиссариатты ғана емес, супермаркет, әскери қоймалар, жанар-жағармай станциялары мен басқа да мекемелерге от қоюды әдетке айналдырған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама