×

Мұғалімдерді аттестаттау процесі өзгереді - Ғани Бейсембаев

Аталған жүйені автоматтандыру үшін ұлттық платформа әзірленуде

 Халық үні 02.11.2023 | 21:45
Фото: Halyq Uni

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұғалімдерді аттестаттау процесі өзгеретінін мәлімдеді.

«Педагогтарды аттестаттау процесі өзгереді. Аталған жүйені автоматтандыру үшін ұлттық платформа әзірленуде. Бұл - объективтілік пен ашықтықты айтарлықтай арттырады. 2024 жылдың қаңтарында Платформа Шығыс, Батыс, Солтүстік және Түркістан облыстарында пилоттық режимде іске қосылады», - деді министр.

Бейсембаев Президенттің тапсырмасы қалай орындалып жатқанын айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына әрдайым қолдау көрсетіп, оның дамуына серпін беретін нақты міндеттерді жүктеп отыр. Осы міндеттерді сапалы атқару мақсатында Оқу-ағарту министрлігі: балалардың білім беру қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету, кадрлық әлеуетті күшейту, білім беру инфрақұрылымын дамыту, қауіпсіз орта қалыптастыру бағыттарында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама