×

Боксшы Алдияр Баһадүр Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

Ол финалда Түркіменстан боксшысы Санжар Хамраевты айқын басымдықпен жеңді

 Дастан Жұмабекұлы 02.11.2023 | 17:56
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan/

Астанада бокстан жастар және жасөспірімдер ерлер және қыздар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында 48 келі салмақтағы Алдияр Баһадүр құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Ол финалда Түркіменстан боксшысы Санжар Хамраевты 5:0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Бұған дейін жасөспірім боксшылар арасында 2004 жылы Самат Бәшенов Азия чемпионы болған еді. Ол Қазақстан тарихындағы бірінші Азия чемпионы чемпион атанды. Одан кейін 2017 жылы Махмұд Сабырхан бірінші орынды жеңіп алды.

Бүгін қыздар арасында Аяжан Сыдық, Толғанай Қасымхан мен Алина Құдайгенова Азия чемпионы атанды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама