×

ШҚО-да сапасыз жолды қайта жөндеу үшін 1 млрд теңге бөлінген

Мердігерлер 4 жылда жол жөндеуде жіберілген заңбұзушылықтарды жоюға міндеттелді

 Еркеғали Болатұлы 02.11.2023 | 10:35
фото: elements.envato.com

Шығыс Қазақстан облысында жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының облыстық филиалы тек биылдың өзінде 426 заңбұзушылықты анықтаған. Олардың арасында асфальт қалыңдығының аздығы, жол жабынының тығыздық коэффициентіне сәйкес келмеуі, материалдың сапасыз болуы бар. Бұл туралы YK.kz хабарлады.

Мамандар мердігерлерді соңғы 4 жылда жол жөндеуде жіберілген заңбұзушылықтарды жоюға міндеттеген. Сол үшін 1 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалыпты.

2023 жылдың басынан бері ұлттық орталықтың облыстық филиалы 464 тексеріс жүргізіп, нәтижесінде 426 заңбұзушылықты анықтады. Бұл қаржының үштен бірінен астамы құрылысы ұзаққа созылған «Алматы-Өскемен», «Омбы-Майқапшағай» секілді тас жолдарға пайдаланылды. Тексерушілер 87 рет барып, 67 заңбұзушылықты белгіледі. Оның үстіне, былтыр пайдалануға берілу керек болған қос нысан 4 жылдан бері әлі салынып жатыр, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама