×

«БИІК-Шымкент» – футболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионы!

Шымкенттіктер 16 матчтың бәрінде жеңіске жетіп, 48 ұпай алып, 129 гол салды

 Дастан Жұмабекұлы 01.11.2023 | 18:09
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Шымкенттің «БИІК» клубы әйелдер командалары арасында он екінші рет Қазақстан чемпионы атанды.

Шымкенттіктер 16 матчтың бәрінде жеңіске жетіп, 48 ұпай алып, 129 гол салды.

Чемпиондарды марапаттау рәсімі OLIMPBET Қазақстан чемпионатының «Ордабасы» - «Шахтер» матчындағы үзіліс кезінде болды. Оған Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Sport Qory спортты қолдау қорының бас директоры Асхат Сейсембек қатысты.

Чемпионаттың күміс жүлдегері Түркістан облысының «Томирис-Тұран» командасы болса, үшінші орынды Көкшетаудың «Оқжетпес» командасы иеленді.

Чемпионат қорытындысы бойынша мына номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталды:

Үздік қақпашы – Ангелина Портнова («Оқжетпес»);

Үздік қорғаушы – Бибігүл Нурушева («БИІК-Шымкент»);

Үздік жартылай қорғаушы – Карина Жұмабайқызы («БИІК-Шымкент»);

Үздік шабуылшы – Паулин Агботсу («Оқжетпес»);

Үздік ойыншы – Әселхан Тұрлыбекова («БИІК-Шымкент»);

Үздік бомбардир – Әнел Мамырова – 20 гол («Томирис-Тұран»);

Үздік жаттықтырушы – Бегайым Қырғызбаева («Оқжетпес»).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама