×

Халықаралық іздеу жарияланған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Грузияда ұсталды

Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау рәсімі жүзеге асырылып жатыр

 Халық үні 15.12.2021 | 15:25
коллаж: Halyq Uni

ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағының, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қайсар Сарытайға халықаралық іздеу жариялады.

Грузияның құқық қорғау органдары ҚР Интерпол ұлттық орталық бюросымен бірлесіп экс-шенеунікті Грузия аумағында ұстап, қамауға алынды.

Қайсар Сарытай 1970 жылы 20 тамызда Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген.

Алғашқы еңбек жолын 1989 жылы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында 4 дәрежелі слесарь-жөндеушісі болып бастаған.

1993 – 1999 жылдары Жамбыл облысы бойынша салық инспекциясында салық инспекторы, аға инспекторы, Жамбыл облысы бойынша салық комитетінің бөлім бастығы, 1999 – 2001 жылдары Рысқұлов ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, 2002 – 2003 жылдары Жамбыл облысы бойынша салық комитетінің бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, 2004 – 2005 жылдары Жамбыл облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарында болған.

2006 – 2015 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің және 2016 – 2019 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшы қызметтерін атқарған.

2019 жылы Тараз қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама