×

Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді

Екі ел басшысы халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды

 Динара Амантай 01.11.2023 | 11:21
Фото: t.me/KZgovernment

Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәртебелі мейманды елорда әуежайында премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды. Қысқаша әңгіме барысында Үкімет басшысы Эмманюэль Макронның бұл сапары Астана мен Париж арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Еске сала кетсек, екі елдің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама