×

«Алматы облысында 5 жасар қыз зорланды»: полиция түсінік берді

Арнайы тексеріс жүргізілді

 Дәурен Ерболат 01.11.2023 | 10:15
Фото: Depositphotos.com

Алматы облысында полиция «5 жасар қыз зорланды» деген мәліметке түсінік берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

31 қазанда Nemolchi.kz қорының басшысы Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде Алматы облысындағы балалар ауруханасына кішкентай қыздың жеткізілгенін, ол зорланған болуы мүмкін екенін жазды. Бала көлік апатынан кейін ауруханаға жеткізілген.

Бұл дерекке Алматы облысының полиция департаменті түсінік берді.

«Медициналық мекемеге жедел-тергеу тобын жіберіп, дереу мән-жайын анықтауға кірістік. Бүгінде ауруханадағы травматология бөлімшесінде анасымен бірге 2 баланың (5 және 7 жаста) емделіп жатқаны анықталды.

28 қазанда отбасы көлік апатынан соң жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге медициналық мекемеге жеткізілген. Анасы балаларына зорлық-зомбылық жасалғанын жоққа шығарды. Дәрігерлер тексеріс жүргізіп, балалардан зорлық-зомбылық белгісін анықтамады, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ Алматы облысы ПД аумақтық бөлімшелеріне бұл дерек бойынша басқа өтініштер түспегенін атап өтті.

Бұған дейін ДСМ биыл 32 педофилге химиялық кастрация жасалғанын хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама