×

Есірткімен айналысқан 23 күдікті ұсталды – ҰҚК

Заңсыз айналымнан 300 келіге жуық есірткі мен психотроптық заттар тәркіленді

 Дастан Жұмабекұлы 01.11.2023 | 09:50
Фото: gov.kz / Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті синтетикалық есірткіні жасаумен және каннабис өсірумен айналысқан фитолабораторияны анықтады.

Одан басқа, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның құзыретті органдарымен бірігіп, халықаралық есірткі трафигінің 6 жолы жойылды.

Арнайы операция кезінде 23 күдікті ұсталды, – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Заңсыз айналымнан 300 келіге жуық есірткі мен психотроптық заттар, сондай-ақ «синтетика» жасауға арналған 1 тоннадан астам химиялық прекурсорлар тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама