×

Қазақстандықтар жаңа жылда қанша күн демалатыны белгілі болды

Жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар

 Халық үні 31.10.2023 | 22:33
Фото: martebe.kz

Жаңа жылда қазақстандықтарға қанша күн демалыс берілетіні белгілі болды. 

Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалысқа шыға алады.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар 30 желтоқсанда жұмыс істейді.

Содан кейін 3,4,5 қаңтар – жұмыс күні. Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6,7 қаңтарда әдеттегідей демалалатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама