×

Алматы облысының терроризмді насихаттаған тұрғыны ұсталды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 31.10.2023 | 15:41
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Алматы облысының терроризмді насихаттаған тұрғыны ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, ведомство қызметкерлері 31 қазанда полиция органдарымен әрекеттесе отырып, Алматы облысының тұрғынын ұстады. Ол терроризм идеяларын насихаттады деген күдікке ілінді.

Тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама