×

Астананың кейбір аудандарында жарық сөніп қалды

Қазіргі уақытта апаттың себебін жою жұмысы жүргізіліп жатыр

 Халық үні 29.10.2023 | 23:12
Фото: tengrinews.kz

Елорданың кейбір аудандарында жарық сөніп қалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі уақытта апаттың себебін жою жұмысы жүргізіліп жатыр.

Жергілікті жерде коммуналдық қызмет жұмыс істеп жатыр.

«Электр қуаты шамамен 30 минут ішінде қалпына келтіріледі. Жүргізіліп жатқан жұмысқа түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

ҚР Энергетика министрлігінің хабарлауынша, Астана – 2 жылу электр орталығындағы қысқа тұйықталу салдарынан электр өндіру қуаты төмендеп кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама