×

Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды

 Халық үні 29.10.2023 | 07:10
Фото: qazpulse.kz

Бүгін, 29 қазан елімізде Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс салдарынан қаза тапқандарды аза тұту күні, деп хабарлады Halyq Uni. 

Кеше, 28 қазанда Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 33 кеншінің денесі табылды. Қалған 13 адам әлі іздестіріліп жатыр. 

Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.

Шахтаға келе салысымен, менің жетекшілігіммен жедел штаб құрылды. Оның құрамына жауапты тұлғалар мен әріптестер кірді. Оқиға орнында 40 құтқарушы, 10 техника мен марқұмдар мен зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсетіп жатқан 3 психолог жұмыс істеуде. (8-7172) 49-72-70, (8-7212) 51-72-23 жедел желі телефондары жұмыс істеп тұр, - деп жазды облыс әкімі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айттты. Сонымен қатар, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Артынша мемлекет басшысы апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орнына барды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Ертең бүкіл еліміз бойынша жалпыұлттық аза тұту күні жарияланады. Мен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату жөнінде тапсырма бердім. Бұл мекеме Үкіметпен және кәсіпорынмен ынтымақтастық тұрғысынан біздің тарихымыздағы ең нашар компания болды. Енді кәсіпорынның өзіне қатысты шаралар қабылдау туралы ойлануымыз керек. Басин Вадим Борисович деген азамат бар. Сіздер оны білесіздер. Ол бір кездері «АрселорМитталда» жұмыс істеген. Облыс әкімінің орынбасары болды. Мен оған қайтып келіп, кәсіпорынды басқаруды тапсырамын. Кәсіпорынның қазіргі басшылығының қолынан ештеңе келмейді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында сөйлеген сөзінде.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.

Кейін үкімет «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын мемлекет пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталып жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ Бас прокуратура шахтадағы өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сонымен қатар, Костенко шахтасындағы жарылыстың себебі айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама