×

Костенко шахтасындағы жарылыс: 21 кеншінің денесі табылды

Кеншлердің 208-і жер бетіне шығарылды

 Динара Амантай 28.10.2023 | 12:26
фото: inform.kz

Қарағанды облысының Костенко шахтасындасындағы жарылыс орнынан 21 шахтердің мәйіті табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 252 кеншінің 208-і жер бетіне шығарылып, олардың 18-і медициналық көмекке жүгінген.

Шахтада 23 кенші қалды. 21 шахтердің денелері табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жедел-штаб жұмыс істеп жатыр, – делінген хабарламада.

Костенко атындағы шахтада болған оқиғаға байланысты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ТЖМ және Қарағанды облысының ТЖ Департаментінде ақпараттық және психологиялық қолдау үшін жедел желі телефондары жұмыс істейді (8-7172) 70-41-08, (8-7212) 51-72-23, 49-72-70.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама