×

Тоқаев Үштөбеде биыл ашылған Гуманитарлық колледжге барды

Оқу орнында 17 заманауи аудитория бар

 Динара Амантай 27.10.2023 | 15:03
Фото: t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев Үштөбе қаласында биыл ашылған 30 орындық жатақханасы бар Гуманитарлық колледжге барды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мұнда болашақ педагогтерге «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру педагогикасы және әдістемесі» мамандықтары бойынша білім беріледі.

Оқу орнында 17 заманауи аудитория, мәжіліс және спорт залдары, медициналық кабинет, асхана мен буфет бар. Колледж инклюзивті орта талаптарына сай жабдықталған, яғни ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін пандус пен арнайы лифт қойылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама