×

Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырғандардың бірі қайтыс болды

Басқа 2 науқас дәрігерлердің бақылауында

 Еркеғали Болатұлы 27.10.2023 | 10:15
фото: alataunews.kz

Қарағанды облысында 75 жастағы ер адам сібір жарасының кесірінен көз жұмды.

Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қанша шаралар қабылданғанмен оның ауруы асқынып кеткендіктен, аман алып қалу мүмкін болмаған.

Сібір жарасын жұқтырған басқа 2 науқастың жағдайы тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырған 3 адам анықталып, Топар ауылының карантинге жабылғанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама