×

Шымкентте 19 жастағы жігіт жоғалып кетті

Ол 13 күн бұрын белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған

 Динара Амантай 26.10.2023 | 15:53
Фото: polisia.kz

Шымкентте екі апта бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 15 қазанда Абай аудандық ПБ-ға жас жігіттің жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен. Әжесінің айтуынша, 19 жастағы Нұрбол Ермұхамбет 13 қазанда түнгі сағат 00:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

Жігіттің жүрген жерін анықтауға Шымкент қаласы полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Белгілері: бойы шамамен 175-180 см, орта денелі, шашы,көзі қара түсті, үстінде қою көк түсті спортивка, қара красовка және қара түсті күртеше болған.

Жоғалған жігіттің қайда екендігі туралы ақпараттан хабардар болсаңыз, бірден «102» нөміріне хабарласқан жөн.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама